Оған 690 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды
Түлкібас аудандық сотында бірінші топтағы мүгедекке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Сот қаулысымен ер адам кінәлі деп танылып, оған әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Мас күйінде көлік құралын басқара алмаған ер адам «Mercedes» маркалы тұраққа қойылған көлікке соқтығысқан.
Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады. ӘҚБК-тің 50-бабының 2-бөлігіне сәйкес бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылмайды. Алайда 608 баптың 6,7 және 8-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтар екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі жазаға әкеп соғады.
Сот қаулысымен ер адам кінәлі деп танылып, оған 690 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сонымен қатар, жәбірленуші келтірілген материалдық залалды өндіріп алу туралы Азаматтық іс қозғайтынын мәлімдеді.