Одан жалпы көлемі 212 литр дезинфекциялық антисептик заттар тәркіленді
Павлодар облысында дезинфекциялық заттар бағасын негізсіз асырып сату фактісі анықталды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«2020 жылдың 18 наурызында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысындағы Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Шара барысында тұрғындарға антисептикалық заттардың бағасын негізсіз асырып сату фактісінің алдын алды», - делінген хабарламада.
Құқықбұзушыдан жалпы көлемі 212 литр дезинфекциялық антисептик заттар тәркіленді.
«Ол антисептикалық заттарды өндіруші-зауыттан 2500 теңгеге алып, тұрғындарға 4000 теңгеге сатқан. Республикадағы төтенше жағдайға орай, ашық сатылымдағы дәрі-дәрмек бір адамға 1 литрден аспайтын көлемде сатылады.