Тағы екі адам ауыр жарақат алған
Ресейдің Самара облысындағы «Промсинтез» зауытында жарылыс кезінде алты адам қаза тапты. Бұдан бөлек, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Чапаевск қаласындағы «Промсинтез» зауытында қондырғыларды бөлшектеу және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде жарылыс болған.
«8 адам зардап шекті. Олардың алтауы көз жұмды», - дейді құтқарушылар.