Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның 20 және 23 жастағы үш жолаушысы алған жарақаттарынан қайтыс болды

Фото: kaz.zakon.kz

6 шілдеде Шалқар ауданындағы Самара-Шымкент тас жолында болған жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Hyundai Sonata көлігінің 34 жастағы жүргізушісі Iveco Magirus жүк көлігімен соқтығысқан. Полицейлердің мәліметінше, жүк көлігі қарсы бағытта келе жатқан.

Оқиға салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның 20 және 23 жастағы үш жолаушысы алған жарақаттарынан қайтыс болды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі («Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүру ережесін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.