Өрттің алдын-ала себебі - найзағай
Қарағанды облысында ормандағы өрт жедел сөндірілді, деп хабарлады Azattyq Ruhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 6 шілде күні сағат 11:25-те Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында әуеден барлау кезінде 0,001 га алаңда орман төсенішінің жанып жатқаны анықталды.
Өрт сағат 12:50-де ұлттық парк пен «Қазәуеорманкүзеті» күштерінің көмегімен сөндірілді.
Өрттің алдын-ала себебі - найзағай.