Бүгін кешке Астана аспанынан шоу көрсетіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Қала жұрты бүгін елорданың 25 жылдығын атап өтуде

Бүгін кешке Астана аспанында шоу көрсетілмек. Бұл туралы продюсер Даут Шайхисламов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Туған күніңмен, Астана! Елорда әкімдігінің қолдауымен, шығармашылық топ, кәсіби ұшқыштар және анимациялық суретшілермен бірге астана тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік тосын сый әзірледік. Бұл нағыз әуедегі сиқыр болмақ! Дрон-шоу – әсерлі қойылым, заманауи өнер мен технологиялардың бірлесуі. Баршаңызға мереке құтты болсын! Бейбітшілік пен жақсылық тілейміз!Бүгін кешке Тәуелсіздік даңғылындағы «Қазақ елі» алаңында күтеміз», - деп жазды продюсер.