Айыпталушыға 690 мың теңге көлемінде айыппұл салынды
Ақмола облысында қаңғыбас жануарларды заңсыз ату ісіне нүкте қойылды. Сот үкімімен ер адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«26 маусымда Шортанды ауданы сотының үкімімен ер адамға қатысты 200 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды, бұл 690 мың теңгені құрайды. Бүгінгі таңда ер адам осы айыппұлды төледі», - делінген polisia.kz сайтында.
Полицейлер жануарларға қатыгездік танытуға және оларды заңсыз атуға заңмен тыйым салынатынын тағы бір мәрте еске салады.