Өскеменде бір топ құрбысы жабыла сабаған қыздың ісіне қатысты сот үкімі шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Жәбірленушінің пайдасына 9 000 000 теңге сомасында моральдық залады өтемақы өндірілді

Фото: almaty.tv

 

2023 жылы 5 шілдеде мамандандырылған ауданаралық сот Өскеменде оқушы қызды жабыла соққыға жыққан кәмелетке толмаған сотталушыларға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Соттың баспасөз қызметі 2023 жылдың 1 наурызында «АДК-Ривер» сауда ойын-сауық орталығында кәмелетке толмағандар - Т. және О. алдын-ала сөз байласып, кәмелетке толмаған жәбірленуші Д-ға дене жарақатын келтіргенін нақтылайды.

«2023 жылы 2 наурызда кәмелетке толмағандар - Т. және А. өзара сөз байласып, кәмелетке толмаған жәбірленуші Д-ның бетіне, денесіне бірнеше рет соққы береді, ары қарай күш қолдану арқылы адамның қадір-қасиетін қорлау мақсатында жәбірленушіні іш киімін шешуге мәжбүр етті және болып жатқан жайтты телефон камерасына түсірді. Сотталғандар өз әрекеттерін 50 мың теңге талап еткен А. және Т-ға беру үшін түсірілген видеоны интернетте саламын деп қорқытып, ақша таппақ болған ниеттен туындағанын жеткізді», деп мәлімдеді ШҚО кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Сотталушы А. мен Т. ақша бопсалағандарын мойындамады, кінәні ішінара мойындады. Айыпталушы О. кінәсін толық мойындады.

Сондай-ақ сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, бейнежазбалармен, заттай дәлелдемелермен расталғаны айтылады.

Сонымен қатар, сот O-ның шын жүректен өкінш білдруі және кінәсін мойындауын жеңілдететін жағдайлар деп таныды.

Сотталушылардың аса қатыгездікпен, садизммен, қорқыту-үркітумен, сондай-ақ жәбірленушіні азаптау сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтары қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жай ретінде танылды.

«Істің мән-жайын және сотталушылардың жеке басын, жәбірленушілердің пікірлерін, құқыққа қайшы әрекеттердің сипатын, залалды өтеудің орындалмауын ескере отырып, А. мен Т-ға қатысты ҚР ҚК  293-бабы 2-бөлігі 1-тармағының бойынша 1 жыл бас бостандығын шектеу, ҚР ҚК 194-бабы, 2-бөлігі 1,2-тармағы бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады, сонда түпкілікті жаза - 3 жыл бас бостандығынан айыру. О-ға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды», делінген ШҚО кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жәбірленушінің пайдасына 9 000 000 теңге сомасында моральдық залады өтемақы өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.