Адвокат пара беруге итермелеу күдігіне ілінді
Ұлттық музейдің бұрынғы директоры, 8 жылға бас бостандығынан айрылған Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy елорда сотына сілтеме жасап.
«2023 жылғы 3 шілдеде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М. Тулеевті 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген Астана сотының хабарламасында.