Жол апаты 4 шілдеде Жетісу облысының Кербұлақ ауданында болған
Алматы-Өскемен тас жолында ер адам шетелдік көліктің астына түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 4 шілдеде Жетісу облысының Кербұлақ ауданында болған.
«Lexus ES 300» автокөлігін тізгіндеген 34 жастағы ер адам Алматы-Өскемен тасжолының 177 шақырымында жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды.
«Қаза тапқан адам Көксу ауданының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның елсіз далада түнгі трассада жүру себебін қазір полицейлер анықтап жатыр», делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар белгіленіп, тергеу амалдары басталды.