Мақсат – ұлттық құндылықтарды жан-жақты дәріптеу
Астананың 25 жылдығына орай, елорданың Сарыарқа, Алматы және Есіл аудандарында асық алаңдары ашылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Respublica» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мақсат – ұлттық құндылықтарды жан-жақты дәріптеп, қазақ халқының асыл мұрасы – асық ойындарын жаңғырту. Өскелең ұрпақты ұлттық ойындарға баулу арқылы олардың санасына рухты, отаншылдық сезімді сіңіру.
Асық алаңдары Алматы ауданындағы «Студенттік саябақта» және Есіл ауданында орналасқан «ЭКСПО» аумағындағы «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы монументі» алаңында болады. Сондай-ақ, алдағы уақытта дәл осындай алаңдарды басқа аудандарда және еліміздің өзге де өңірлерінде ашу жоспарланып отыр.