Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр
Қостанайлық полицейлерлер коммуналдық қызметкерлер тапқан адамның бас сүйегін анықтап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
4 шілде сағат 14:30-да "ҚЖЭК" МКК жұмысшылары Мәуленов-Досжанов көшесінің қиылысында құбырларды ауыстырып жатып жерасты жөндеу жұмыстары учаскесінен адам қаңқасын тауып алады. Осыдан кейін ол ПД қызметкерлеріне хабарласады.
Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады, - дейді полицейлер.