Атырау мұнай өңдеу зауытын электрмен жабдықтау қалпына келді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлады

Фото: kaz.zakon.kz

Технологиялық регламенттер мен арнайы нұсқауларға сәйкес пайдаланушы персонал алаңнан тыс нысандарды кезең-кезеңмен іске қосуды және энергия ресурстарын жеткізуді бастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау мұнай өңдеу зауытының негізгі және қосалқы нысандарының технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін (АТӨЖ) тексеру және реттеу жалғасып жатыр.

Мұнайды терең өңдеу (R2R каталитикалық крекинг) және хош иісті өнімдерді өндіру (CCR және ParamaX каталитикалық риформинг) кешенінің негізгі объектілерін, негізгі және қосалқы жабдықтар мен құбырлар, катализаторлар, технологиялық процестерді басқару жүйелері мен аспаптарын мұқият тексеріліп, дайын болғаннан кейін ғана мүмкін болады.

Жағдай Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығының тұрақты бақылауында.