Қазақстанның үш мұнай өңдеу зауыты ішінара тоқтады

Автор: Azattyq Rýhy

Энергетика министрі елде жанармай тапшылығы болмайтынын мәлімдеді

Атырау мұнай өңдеу зауыты апатты жағдайға байланысты тоқтады. Бұл жағдайды зауыттың баспасөз қызметі де растады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Kursiv.kz-ке сілтеме жасап.

«07.03.2023 жылы сағат 17:25-те «KEGOC» АҚ-да электр қуатының үзілуіне байланысты «АМӨЗ» ЖШС зауытының жұмысы тоқтады. Төтенше жағдайды болдырмау үшін сыртқы электрмен жабдықтау жүйесі толық тұрақтанғанға дейін зауыттың отын желісі технологиялық регламентке сәйкес алау жүйесіне бағытталады. Ақауларды жою нәтижелері кейінірек жарияланады», делінген баспасөз хабрламасында.

Артынша Энергетика министрлігі Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауытындағы жағдайға қарамастан жанар-жағармайдың жеткілікті қоры бар екенін хабарлады.