Тәркіленген мүйіз бойынша сараптама тағайындалды
Ақтөбеде құны 80 млн теңгеден асатын ақбөкен мүйізі тәркіленді, , деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 шілдеде ПД ЖПҚБ қызметкерлері «Охотзоопром» қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Мал базары» маңындағы Богословка трассасында 32 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ваз 2110 көлігін тоқтатқан. Көлікте 38 жастағы жолаушы болды.
Жүксалғыштағы қаптан 31 дана ақбөкен мүйізі табылды. Тәркіленген мүйіз бойынша сараптама тағайындалды.
ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тәркіленген ақбөкен мүйізінің қайдан алынғаны анықталады.