Абай облысындағы асфальт зауытында өрт шығып, 10 тонна битум жанып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

 Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті

Фото: inform.kz

Абай облысындағы асфальт зауытында өрт шығып, 10 тонна битум жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 шілде күні «101» пультіне Ақсуат ауданы Шыбынды ауылында орналасқан асфальт зауытында өрт шыққаны жайлы хабар түсті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті.

«Құтқарушылар сол жерге келгенде зауыт аумағында битумды 3 бөшке өртеніп жатты. Отпен күрескен өрт сөндірушілер жарты сағат ішінде ауыздықтады. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ», - делінген ақпаратта.

Өрттің нақты неден шыққаны әзірге белгісіз. Тексеру жұмыстары басталды. Белгілі болғандай, өрт салдарынан 10 тонна битум жанып кеткен.