Ол кезде үйде жұбайы мен екі кішкентай баласы болған
Францияның Валь-де-Марн департаментіндегі Л'Аи-ле-Роз қаласының мэрі Винсент Жанбрун жексенбі күні таңертең үйіне шабуыл жасалғанын мәлімдеп, мұны елдегі тәртіпсіздіктер аясында өз отбасын «өлтіру әрекеті» деп атады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Алдыңғы үш түндегідей түнгі сағат 1:30-да қалалық мэрияда болғанымда, менің үйімді көлікпен соғып, содан кейін оны өртеу әрекеті жасалды. Осы кезде үйде жұбайым мен екі кішкентай балам болды, олар ұйықтап жатқан. Жұбайым мен балаларымның бірі шабуылдаушылардан қорғануға тырысқанда жарақат алды», - делінген мэр мәлімдемесінде.
В.Жанбрун полицияға және құтқару қызметтеріне көмектескені үшін алғыс айтты.