Ақтауда Шығыс-2 шағынауданында сағат 9:00 мен 18:00 аралығында бағаналарды ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Ақтаудың кейбір шағынаудандарында бірнеше күн уақытша жарық болмайды. Өйткені бағаналарды ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Ақтауда Шығыс-2 шағынауданында сағат 9:00 мен 18:00 аралығында бағаналарды ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол себепті жарық өшіріледі.
«Шығыс-2 шағынауданында жол қиылыстарында сыртқы жарық шамдарының шекті бағаналары автокөліктің бұрылуына кері әсерін тигізіп тұр. Жобаға сәйкес келмейді. Сол себепті «АУЭС» МКК мекемесімен және біздің мердігермен бірге сыртқы жарықшам бағаналарын көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстар таңғы 9-дан кешкі 18:00-ге дейін жүргізіледі. Бұл ретте күніне 3-4 сағатқа сөнуі мүмкін. Жарық алдағы 3-4 күн өшеді», – деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Елнұр Қоянбай.