Башқұртстанда екі баланы ара талап тастаған

Автор: Azattyq Rýhy

Екеуі де жансақтау бөліміне түскен

Жансақтау бөлімінің дәрігерлері олардың денесінен 465 ара бізгегін алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Ахмерово ауылында тұратын ағайынды екі бала ата-аналарынсыз орманға барған. Онда оларға үй аралары тап болып, жабыла шаққан. Сегіз жасар бала қашып құтылып, үйіне келіп, ағасы орманда қалғанын және өзі келе алмайтынын айтқан.

Стерлитамак балалар ауруханасының «ВКонтакте» парақшасында хабарланғандай, балалардың жағдайы жақсарған, оларға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Олар ем қабылдап жатыр.