Әулиекөлдегі өртенген орманның орнына отырғызылған ағаштар қурап жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Өртенген 31,5 гектар орманға 25 мың көшет отырғызылған болатын

Фото: kstnews.kz

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында былтыр өртенген орманның орнына отырғызылған қарағайлар қурап жатыр. Оның себебі әзірге белгісіз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Костанайские новости сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, өртенген 31,5 гектар орманға 25 мың көшет отырғызылған болатын. Орманшылар олардың кебуінің себебі неде екенін айта алмады.

«Қазір «Республикалық орман селекциялық-тұқым өсіру орталығына» хат дайындап жатырмыз. Қарағайлардың қандай себеппен қурап жатқанын анықтау керек. Стандартты түрде көшеттерді түгендеу күзде іске асады», – дейді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Рүстем Қаркенов.