Қонаев қаласында елге заңсыз кірген африкалық мигранттар анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Жұмыс берушілерді анықтау және жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Африкадан келген заңсыз мигранттар Қонаев қаласындағы құрылыстардың бірінде еңбек еткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция африкалық заңсыз мигранттарды «Мигрант» жедел алдын алу шарасы кезінде анықтаған.

«21 маусымда Қонаев қаласында орналасқан мектептердің бірінде ғимаратты жөндеп жүрген африкалық азаматтар анықталды. Олардың тоғызы Нигерия, екеуі Камерун елдерінен келген», - деп мәлім етті полициядан.

Заңсыз мигранттардың құжаттарын тексергенде Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны анықталған.

Жұмыс берушілерді анықтау және жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.