Бұл жайлы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады
Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов ресми сапармен Грузияға барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Тбилиси әуежайында Үкімет басшысын Грузия Премьер-Министрінің орынбасары – экономика министрі Леван Давиташвили мен Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Мәлік Мырзалин қарсы алды.
Грузия астанасында Әлихан Смайылов осы елдің Премьер-министрі Ираклий Гарибашвилимен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады.
Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған.