«Неге бұлай жұмыс істеп отырсыздар?»: Зайытов дайындық паспорты жайлы

Автор: Аягөз Құрмаш

Жыл сайын 500-ден аса кәсіпорын дайындық паспортын алуға өтінім бермейді

Фото ашық дереккөзден

Мәжілістің жалпы отырысында жылумен жабдықтау саласындағы аудит тыңдалып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Депутат Ринат Зайытов Энергетика министрі Алмас Сәтқалиевке сұрақ қойды.

«Жоғары аудиторлық палата төрағасы жасаған баяндамадан біраз нәрсені біліп  қалдық. Мұнда бір қызық жағдай бар. Энергетика министрлігінің бақылауында 40 кәсіпорын (жылу электр орталығы – автор) 2020 жылдан 2022 жылға дейін күзгі-қысқы жұмысқа дайындық құжаттарын мүлдем алмаған, өтінім бермеген. Осының кесірінен дайындық құжаттары, яғни паспорт деген жай ресми нәрсе сияқты болып қалды, оны ешкім қажет етпейтін сияқты. Соның салдарынан жыл сайын 500-ден аса кәсіпорын дайындық паспортын алуға өтінім бермейді. Қалай сонда? Осы жерде заңды сұрақ туындайды. Құрметті Алмасадам Майданұлы, сіздер қалай жұмыс істеп отырсыздар? Неге бұлай жұмыс істеп отырсыздар? Болашаққа қандай жоспарларыңыз бар?», - деді Зайытов.

Өз кезегінде Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев барлық ірі энергетикалық нысанның қысқы дайындық паспортын алатынын айтты.

«Айыппұлдары үлкен болатын шағын және орта бизнес нысандары ғана қалады. Яғни, орта бизнес объектілері үшін бір жерде 500 000 теңге болса, шағын бизнес объектілері үшін – 170 000 теңге. Яғни, бұл нысандар олар энергиямен және жылумен жабдықтаудың сенімділігіне айтарлықтай әсер етпейді. Яғни, іс жүзінде жергілікті атқарушы органдар жұмысты күшейтуі керек, бұл әкімшілік хаттамалар бойынша, яғни біз энергетикалық және әкімшілік қадағалау органы ретінде тиісті жұмыстарды жүргіземіз. Егер қандай да бір ірі объект тиісті дайындық паспортын алмаса, онда комиссия бірден жұмыс істей бастайды, министрлік деңгейінде тиісті кеңестер ұйымдастырылады, қажетті шаралар қабылданбайды», - деді Сәтқалиев.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов паспортты берудегі мәселенің өзектілігін айтты.

«Депутат Ринат Зайытовтың сұрағы өзекті. Барлық мәселе осы паспорттың жоғынан басталады немесе формальды берілгеннен басталады. Паспортты келісіп бере салудың соңы проблемаға айналатынын көріп отырмыз немесе мүлдем өтінім бермейді, паспорт та жоқ. Еліміз бойынша қаншама кәсіпорында осындай проблема бар. Сондықтан біздің тиісті комитет осыны бақылауға алуы керек. Экология комитеті ғой айналысатын? Бұл мәселені тағы комитетте тыңдау керек. Келесі жылға дайындықты, паспорт дайындығын бүкіл министрлікпен бірге комитетте қарау керек. Қай кәсіпорын паспортты алды, қай кәсіпорын алмады, соны анықтау қажет. Бұл біздің энергетикалық қауіпсіздікке қатысы бар мәселе», - деді Қошанов.