Ішімдікке сылқия тойып алған астаналық көпірден секірді

Автор: Azattyq Rýhy

35-40 жас аралығындағы ер адам мас күйінде суға батып кете жаздаған

Фото: itinari.com

Астанада ішімдік ішкен ер адам суға шомылмақ болып, киімімен көпірден секірген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ телеграм каналына сілтеме жасап.

«Бүгін, сағат 11.25-те елордада Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының бөлімшесі Есіл өзенін қайықпен патрульдеу кезінде»Серуен«жаяу жүргіншілер көпірінен өзенге секірген адамды құтқарды. 35-40 жас шамасындағы ер адам мас күйінде суға түсіп, батып кете жаздады», - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.