Оның 5-еуі кәмелетке толмаған
Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 10 адам мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 16 маусым күні 21:30 шамасында Жаңаөзен–Кендірлі тас жолында болған. Онда 10 адам қаза тапты. Оның 5-еуі кәмелетке толмаған.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің бастығы Аян ДүйсембаевToyota көлігінің ішінде 8 адам болғанын айтты.
«Егер ережелер сақталып, жүргізуші мен жолаушылар қауіпсіздік белдігін тағып, сондай-ақ балаларға арналған орындықтар пайдаланылса, онда көлікке тек 4 адам ғана сияды. Ал апат болған жағдайда бұл құралдар адам өмірі мен денсаулығын сақтап қалуы мүмкін», - деді ол.