4 науқас Алматы қаласында,1 науқас Нұр-Сұлтанда тіркелді
17 наурызда сағат 16.00-дегі мәліметке сәйкес, коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 5 адам анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Алматы қаласында – 4 науқас, Нұр-Сұлтан қаласында – 1 адам тіркелді. Дәл қазіргі уақытта Алматы қаласында – 15 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 17 адам, жалпысы 32 науқас тіркелді», - делінген хабарламада.