14.06.2023, 00:46
Қоғам
Жетісу облысында мыңнан астам баспана заңсыз таратылған
Заңсыз үлестірілген баспананың жартысынан астамы бүгінде мемлекет меншігіне қайтарылған
Фото ашық дереккөзден
Жетісу облысында мыңнан астам баспана оңды-солды таратылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Пәтерді заңсыз алғандардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, тілшілер, спортшылар мен әртістер бар. Бұл туралы өңір басшысы Бейбіт Исабаев халық алдындағы есеп беруінде айтты.
Заңсыз үлестірілген баспананың жартысынан астамы бүгінде мемлекет меншігіне қайтарылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қазір қылмысқа қатысы барларды анықтап жатыр.
Сорақысы сол, 20 жыл бойы жүргізілген кезектің қағаз және электрондық нұсқадағы тізімі қасақана жойылған. Қазір облыста шамамен 30 мың адам пәтер кезегінде тұр.
Көп оқылған
04.09.2026, 09:48
Күні бойы ішімдік ішкен: әжесінің қарауында қалған бүлдіршін өрттен көз жұмды (ВИДЕО)
04.09.2026, 12:42
Мойнына қалың сым орап, мәйітін каналға тастаған: Қызылордада қылмыскер 20 жылға сотталды
04.09.2026, 20:18
Түнде -2°C-қа дейін үсік, жаңбыр мен найзағай: 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
04.09.2026, 16:00
«Сенің екі мамаң бар»: Павлодарда анасы сотталған бүлдіршінді асырап алған қамқор әйелдің таңғажайып оқиғасы