Мемлекет басшысы Абай облысына баруды жоспарлап отыр
Абай облысындағы алапат өртке байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-13 маусым күндері Вьетнамға жоспарланған ресми сапары кейінге шегерілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Ақорданың Telegram каналынан мәлім болды.
Президент шұғыл кеңес өткізу және апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету шараларын қабылдау үшін Абай облысына баруды жоспарлап отыр.