Семейдегі өртте 3 орманшы қаза болды: Тоқаев ТЖМ басшысына шұғыл тапсырма берді

Автор: Azattyq Rýhy

Семей қаласында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды

Фото: kaz.zakon.kz

Семей орманындағы өртті сөндіруге жұмылдырылған 3 маман қаза тапты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге тапсырма берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақордаға сілтеме жасап.

«Абай облысындағы алапат өртке байланысты Президент Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге оқиға орнына жедел барып, өрт сөндіру жұмыстарын басқару міндетін жүктеді Үкіметке және Абай облысының әкімдігіне қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына барлық қажет көмекті көрсету тапсырылды. ТЖМ мәліметіне сәйкес, орман шаруашылығының үш қызметкері қаза тапты, тағы 11 қызметкер іздестіріліп жатыр», - делінген мәліметте.