«Мүгедек адамдарға ешқандай жеңілдік жоқ»: Мәжіліс депутаты отандық әуекомпаниядарды сынға алды

Автор: Azattyq Rýhy

Ерлан Әбдиевке бірде бір әуекомпания мүгедектерге қолжетімді бағаны ұсынбады

Мәжіліс депутаты Ерлан Әбдиев елордадағы әуежайға барып, отандық әуекомпаниядардың кассаларынан мүгедектерге қандай жеңілдер қарастырылғанын сұрап шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ерлан Әбдиев ең алдымен SCAT әуекомпаниясының кассасына барды. Өз кезегінде кассир I топтағы мүгедектігі бар адамның жанында міндетті түрде еріп жүретін бір адамның болу керектігін ескертті.

«Астана-Шымкент бағыты еріп жүретін адаммен бірге бір билет бағасы 63 477 теңге. Көмекші адамның билетінің құны 58 543 теңгеге шыққан. Бұл жерде бір орындай алмайтын нәрсе қойып қойған – еріп жүретін адаммен ұшу керек. Мүгедектігі бар адамдар бір бағытқа ұшатын авиабилетке өзінің толық 1 айлық жәрдемақысын төлеу, басқа сыймайтын нәрсе.Яғни 1.5 сағаттық ұшудың авиабилет құны, адамға 1 ай бойы тамақтануына, дәрі-дәрмегіне, өмір сүруіне мемлекеттен берілген жәрдемақысына тең», - дейді Ерлан Әбдиев.

Бұдан кейін Мәжіліс депутаты Qazaq air әуемкомпаниясының кассасына  бар. Алайда мүгедек жандар билетті жеңілдетілген бағамен кассадан сатып ала алмайтын болып шықты. Бұл операция сайт арқылы іске асырады. Ол үшін алдымен компанияның сall-орталығына хабарласу керек. Бірақ сall-орталыққа 3 мәрте қоңырау шалып көрген Ерлан Әбдиевке ешкім жауап берген жоқ.

Еліміздегі «ең үздік» деп саналатын Air Astana әуекомпаниясы мүгедектерге мүлдем жеңілдік жоқ екенін айтты.  Fly Arystan қызметкерлері де дәл осындай жауап қатты.

«Шын мәнінде нарықтағы бағадан жеңілдік бағасы бір жарым есе қымбат. Нарықтағы баға екі адамға 40 мың теңгеге болса, жеңілдікпен 60 мыңға шығып кетіп жатыр. Түйін: біздің отандық әуекомпанияларда мүгедектігі бар адамдарға ешқандай жеңілдік жоқ», - деді Ерлан Әбдиев.