Еліміздің басым бөлігінде күн ысиды

Автор: Azattyq Rýhy

Синоптиктер бейсенбі күнгі ауа райына болжам жасады

Фото: kaz.zakon.kz

8 маусымда Астанада және Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазгидромет-ке сілтеме жасап. РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Астанада күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады, бұршақ түседі деп болжанады. Күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Абай облысының солтүстік-батысында күн қатты ысиды, сынап бағаны +41 гралусқа дейін көтеріледі деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз сынап бағаны +36...+38 градусты көрсетеді.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында күн қатты ысиды, сынап бағаны +41 градусқа дейін барады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде күндіз сынап бағаны +35...+37 градус ыстықты көрсетеді.

Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күн күркірейді. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз облыстың оңтүстігінде сынап бағаны +38 градусқа дейін көтеріліп, күн қатты ысиды. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда да өрт қаупі жоғары. Күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз облыстың батысында сынап бағаны +41 градусқа дейін көтеріліп, күн қатты ысиды деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі жоғары. Түркістанда күндіз сынап бағаны +41 градусқа дейін көтеріледі деп болжанады. Төтенше өрт қаупі жоғары.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде күн ысиды, сынап бағаны +35...+38 градусқа дейін көтеріледі деп болжанады. Облыс орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз күн қатты ысиды: +35 С. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысында сынап бағаны +41 градусқа дейін көтеріліп, күн қатты ысиды деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада да сынап бағаны +40 градусқа дейін көтеріліп, күн қатты ысиды деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақтөбе облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде төтенше өрт қаупі жоғары.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде сынап бағаны +35...+39 градус ыстықты көрсетеді деп күтіледі. Павлодарда күндіз найзағай ойнайды деп болжанады. Найзағай кезінде батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл болады. Түнде өңірдің солтүстігінде, батысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойысса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда түнде және таңертең найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Найзағай кезінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с құрайды. Талдықорғанда күндіз қатты ыстық болады, сынап бағаны +38 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл күтіледі.тұруы мүмкін. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түнде Петропавлда найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.