Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесі бір жарым ай ішінде жабылады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір Назарбаев кеңсесін қайта құрылымдау жүріп жатыр екен

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесі таяудағы бір жарым ай ішінде қайта құрылымдалады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Бұл туралы Мәжілісте ҚР Қаржы вице-премьер министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір Назарбаев кеңсесін қайта құрылымдау жүріп жатыр.

«Кеңседе жұмыс істеген адамдардың бір бөлігі басқа ұйымдарға ауысады. Ал қалған қызметкерлер жұмыстан қысқартылады. Кеңсе қайта құрылымдау сатысында. Менің ойымша, бір жарым ай ішінде мәселе шешіледі», – деді Қаржы министрлігінің басшысы.