Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ
Францияда ереуілдер басылар емес. Наразылық танытқандардың саны бұл жолы жарты миллионнан асып отыр. Париж көшелерінде ереуіл соңы полициямен қақтығысқа ұласты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.
Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Ашуға ерік бергендер Олимпиада ойындарының штаб-пәтеріне басып кірмек болған. Осылайша, француздар халықаралық мамандардың назарын өзіне аударғысы келген.
Халық мемлекеттік зейнетақы бағдарламасына қарсы. Мұндай шаралар елде сәуірден бері тыйылмай келеді. Франция бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 11 мың полицей жұмылдырылған, соның ішінде Парижде 4 мың тәртіп сақшысы халықты таратуға кірісті.
Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.