Әлтаев 2019 жылдың ақпанынан 2020 жылдың қарашасына дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды
Экс-депутат Нұржан Әлтаев пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ақпараттық порталы.
Оның ұсталғаны туралы ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі растады.
«Оның аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғанын растаймыз. Тергеу мүддесіне орай басқа ақпарат ҚПК 201-бабына сай жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.
Еске салайық, Нұржан Әлтаев 2019 жылдың ақпанынан 2020 жылдың қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты болды.