Нұр-Сұлтанда бір адамға 5 маскадан артық сатылмайды

Автор: Azattyq Rýhy

Қалаға қосымша 350 мыңнан астам маска жеткізілді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов дәріханалық желілер мен дистрибьютерлер өкілдерімен кездесті. Қала әкімдігі бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС-імен бірлесіп қосымша бетперделерді жеткізу мәселесін пысықтады.

«Біздің басты міндетіміз  –  ірі желілерді маскалармен және антисептиктермен қамтамасыз ету. Бүгін, 16 наурызда кезекті партия  –  350 мыңнан астам маска, сондай-ақ антисептиктер келіп түсті. Бұл жұмысты «СҚ-Фармациямен» бірлесіп ұзақмерзімді жүйелі негізде жүргізетін боламыз. Өкінішке қарай, қорғау құралдарына деген жоғары сұранысты пайдаланып қалғысы келетін спекулянттар нарықтағы бағаны көтере бастады», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Айта кету керек, дәріханалар бір қолға 5 маскадан артық сатпайды.

Нұр-Сұлтанда қосымша маскалар түскен дәріханалар тізімі: Биосфера, Саламат Z, Иммуно плюс,  Старый лекарь, UDM - КЗ, Феникс, Базикова, Частная Аптека 99, Фармаком, Гиппократ МФК Астана, Жардем компания, Астана Оник, Алсун Астана, Aidamed, Максима фарм, Исакова А.А, Оркен фарм, Стофарм, Еврофарма.