Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді
Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәлімет бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өткен аптада 0,1%, ал жылдық мәнде 10,6% өсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.
ҚР бойынша 23 мамырдағы әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:
айран 2,5% – 408 тг/л;
құмшекер – 440 тг/кг;
пияз – 203 тг/кг.