$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.05.2023, 19:45
Қоғам

«Бурабай» ұлттық паркіндегі Аскания бұғыларының саны 1,5 мыңнан асты

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары жуырда жүргізген

«Бурабай» ұлттық паркіндегі Аскания бұғыларының саны 1,5 мыңнан асты
Фото: rudzie.polfirms.kz

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары жүргізген санақ қорытындысы бойынша, биыл қорықтағы Аскания бұғыларының саны 1512 басқа жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл әсем жануарлар – біздің парктің мақтанышы. Екі аяқты «қасқырлар» мен аңның қасқырынан қорғамасақ, табиғаттың осы қымбат сыйынан айырылып қалуымыз оп-оңай. Сол үшін қорықшылар бұғыларды қысы-жазы сыртынан бақылап, күзетіп жүреді, санақ жүргізеді.

Арқаның қысы қатал екенін білесіздер. Орман шаруашылықтарының әр жерінде жергілікті аң-құстар үшін жүзден астам науа қойылған. Қыс бойы қорықшылар сол науаға жем-шөп пен тұз салып тұрады. Бұғы-маралдар да үйреніп алған, науа қойылған жерлердің төңірегінде жайылады», – дейді «Бурабай» МҰТП бас аңтанушы маманы Мират Бейсембаев.

Аскания бұғылары Украинадағы Аскания-Нова қорығында Қырым, Кавказ және Вапити бұғыларын будандастыру арқылы шыққан ерекше тұқым екенін айта кетейік.

1938-1972 жылдары Қазақстанның жануарлар әлемін байыта түсу үшін өзге елдерден бірқатар аң-құс әкелінген болатын. Аскания бұғысы да біздің өңірге Укаринадан сол жылдары әкелінді.

Атап айтқанда, 1963-1966 жылдары Азов-Сиваш қорығынан – 58 бас, 1984 жылы – «Аскания-Новадан» тағы 2 бас бұғы келді. Көкше өңірін жерсінген сол 60 бұғы бүгінде 1512 басқа жетіп отыр.

 

 

Серіктес жаңалықтары