Жергілікті құтқарушылар тасқынның салдарымен әлі күресіп жатыр
Гаитиде су тасқынынан қаза болғандар саны 42-ге жетті. 85 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.
Тағы 11 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Шелектеп құйған жаңбырдан көп елді-мекенді су басып, 14 мыңға жуық үй суға кеткен.
Мемлекеттің ауыл шаруашылығына да зор шығын келді. Толассыз жауыннан әсіресе осы елдің астанасы Порт-о-Пренс қаласы мен батыс өңірлер, қатты жапа шекті. Апат аудандарында тасқын салдарымен күрес жүріп жатыр.