Ең көп қылмыстық құқық бұзушылық Алматы қаласында тіркелген
Биыл қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша елімізде «қаржы пирамидасын құру және басқару» бабы бойынша 45 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Қаржы пирамидасын құрғаны үшін ұсталған 30 адамның көбі – жұмыссыз азаматтар. Атап айтқанда, 20 күдіктінің нақты жұмысы болмаған. Олардың үшеуі ғана жеке кәсіпкер ретінде тіркелген.
«Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында 382 адам қаржы пирамидаларының құрбаны болған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 3,3 есеге көп. Оның ішінде 11 жасқа дейінгі 6 бала, 16-17 жас аралығындағы 3 бала, 18-20 жас аралығындағы 9 адам, 21-29 жас аралығындағы 72 адам, 30-39 жас аралығындағы 120 адам, 40-49 жас аралығындағы 100 адам, 50-59 жас аралығындағы 54 адам, 60 жас және одан жоғары жастағы 18 адам алаяқтардың арбауына ұшыраған», – делінген хабарламада.