Қазақстанда 2022 жылы 282 теңіз кемесі тіркелген
2022 жылы теңіз көлігімен тасымалданған жүк көлемі 1,1 млн тоннадан асты. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 46,8 пайызға артық, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Қазақстанда 2022 жылы 282 теңіз кемесі тіркелген.
«Олардың ішінде баржалар, мұнай құю кемелері, құрғақ жүк тасымалдау, қамтамасыз ету кемелері және т.б. бар. Пайдалану мерзімі бойынша кемелердің оның ішінде шыққан жылы 25 жылдан асқан кемелер бар. Теңіз тасымалының жүк айналымы 2022 жылы 681,9 млн ткм құрады», – делінген хабарламада.