Каирде Бейбарыс Сұлтан мешіті ашылды

Автор: Azattyq Rýhy

Іс-шараға Сенат спикері Мәулен Әшімбаев бастаған Қазақстан делагециясы арнайы барды

Фото: kk.zahn-info-portal.de

Бүгін аумағы 10 мың шаршы метрден асатын Сұлтан Бейбарыс аз-Захир мешітнің ашылуы өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

2007 жылы Қазақстан мен Египет үкіметтері арасында келісімге қол қойылды, оның аясында мешітті қалпына келтіру жобасы бекітілген еді. Шартқа сәйкес Қазақстан құрылысты жандандыруға і 4,5 миллион доллар бөлді, ал қалғанын Египет тарапы қолға алатынын мәлімдеген еді. Бұл жоба 2011 жылы аяқталуы тиіс еді. 

Бірақ Египеттегі саяси және экономикалық дағдарысқа байланысты рестоврация ұзаққа созылып кетті. Жалпы қалпына келтіру жұмыстары бір тоқтап, бір жалғасты. Ақыры 2018 реконструкция қайта басталып, биыл аяқталып отыр.

Бүгінгі салтанатты іс-шараға сенат спикері Мәулен Әшімбаев бастаған Қазақстан делагециясы арнайы келді. Делегация құрамында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Ақпарат және қоғамдық даму минисрті Дархан Қыдырәлі бар. Қазір ресми бөлімнен кейін тараптар халықаралық ғылыми конференция өткізеді деп жоспарланған. Сондай-ақ мешіттің хронологиялық тарихы бейнеленген суреттер көрмесі ашылды.

Сондай-ақ бүгін кешке Каирдегі (Каир уақытымен) Қазақстанның мәдениет күндері аясында концерт ұйымдастырылмақ.