Көлік жүргізушісі мен жолаушы салоннан шығып үлгерген
Алматыда Toyota Land Cruiser автокөлігі жүріп бара жатқанда өртеніп кетті, - деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Алматының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 3 маусымға қараған түні әл-Фараби мен Розыбакиев көшелерінің қиылысында болған.
«2003 жылғы Toyota Land Cruiser 6 шаршы метр аумақта өртенген. Өрт 02:57-де ауыздықталып, 03:03-те сөндірілді. Өрттің алдын-ала себебі - газ-ауа қоспасының жануы. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші мен жолаушы салоннан кетіп үлгерген, олар ауруханаға жатқызудан бас тартқан», - деді ведомство өкілдері.