ТЖМ авиациясы өрт ошақтарына 80 тоннадан астам су ағызды
ТЖ министрі Юрий Ильин ТЖМ жедел штабында өртті тез арада жоюға бағытталған міндеттердің орындалуын жеке бақылауға алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Өрт орнында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев пен ТЖД бастығы Нұрлан Атығаевтың төрағалығымен жедел штаб құрылды.
Су ағызатын құрылғысы бар ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы іске қосылды: қазіргі уақытта 15 рет жалпы көлемі 45 тонна су ағызылды.
Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Кеше 15.50-де Зеренді ауданының Ақкөл ауылдық округінде алдын ала болжам бойынша 10 га алаңда құрғақ шөптің жануы орын алды, от орман алқабына өтті. Метеорологиялық жағдай: +32 градус, оңтүстік бағытта соққан желдің жылдамдығы 4 м/с.
ТЖ министрі Юрий Ильиннің тапсырмасы бойынша су ағызу құрылғысы бар ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы іске қосылды, 15 рет жалпы көлемі 45 тонна су ағызылды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жылдам таралатын төменгі өрт орын алған. Өрт сөндірушілер жағдайдың асқынуын болдырмау және жою үшін барлық күш-жігерін салуда. Өртті жер үсті тәсілімен сөндіруге Ақмола облысындағы ТЖМ бөлімшелерінің және «Бұқпа ОШМ» КММ-нің 130-ға жуық адамы мен 15 техникасы жұмылдырылды.
Қабылданған жедел шаралардың арқасында 21.00-де 6 га алаңдағы өрт оқшауланды.
ТЖМ авиациясы өрт ошақтарына 80 тоннадан астам су ағызды.
Жер үсті күштері мен құралдарын қолданып өртті жою жалғасуда, өсімдіктер тығыз орналасқандықтан өрт техникасын жұмылдыру әрдайым мүмкін болмай, қиындық туғызады, сол себепті қолмен сөндіретін өрт сөндіргіштер мен құрылғылар қолданылады.