Қайғылы оқиға 2 маусым күні кешкі уақытта «Айболит» саяжайында болған
Сағат 18:26-да «112» пультіне бала ойнап жүріп суға құлап кеткені туралы ақпарат келіп түскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. Белгілі болғандай, бұлдіршінді ата-анасы қараусыз қалдырған. Сүңгуірлер баланы іздеп, мәйітті жарты сағатан соң, сағат 19:05-те тауып, судан шығарды.
Мұндай жағдай облыста үшінші рет тіркеліп отыр. 27 мамырда екі бала Ырғыз өзенінде шомылып жүріп суға батып кеткен. Біріншісінің денесі сол күні, екіншісі 28 мамырға қараған түні табылды.