Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінде жарыс жолынан шығып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Осыған дейін қарсыластар өзара бес мәрте кездесіп, соның үшеуінде Ю.Путинцева жеңген еді

Фото: sport-liga.net

Бұл жолы бірінші партияда америкалық спортшы 6:3 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Есесіне екінші сетте Юлия 5:2 есебімен алға кетіп, өз пайдасына аяқтай білді – 6:3. Әйтсе де шешуші, үшінші партияда америкалық теннисші күш алып кетті – 6:2.

Екі сағат 20 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Ю.Путинцева 1 эйс жасап, 17 брейк-пойнттың бесеуін ғана пайдаланды. Қарсыласы 7 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті. С.Стивенс ширек финалға шығу үшін әлемнің 2-ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенкомен таласады.

Ол дүниежүзілік рейтингте 82-орында тұрған ресейлік Камилла Рахимованы оңай тізе бүктірді – 6:2, 6:2.