Карантинда 700-ден астам адам жатыр
Кезекшіліктен шыққан дәрігер-медбикелер қоғаммен еркін араласа береді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Алматыдағы мамандырылған инфекциялық ауруханаларда қазір 704 адам жатыр. Оқшуаланған аймақта коронавирус жұқтырған 7 адам ем алуда. Ал осы қауіпті дертті жұқтырған адамдар жатқан инфекциялық орталықтарда 600-ге жуық медицина қызметкері жұмыс істеп жатыр. Олардың қоғаммен араласуына шектеу қойылмаған.
«Дәрігерлер, кіші және орта медициналық мамандар қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Дәрігерлер ауруханада жатқан тұлғалармен арнайы қорғаныш киімдері арқылы байланыс жасайды. Олардың барлығы бекітілген қауіпсіздік талаптарына сай. Кезекшіліктен шыққан дәрігерлер арнайы зарарсызданудыру шараларымен қамтамасыз етілгендіктен, айналадағы ортаға ешқандай қауіп тудырмайды. Олардың қоғаммен араласуына шектеу қойылмаған», - деді Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
«А» санатындағы мемлекеттер мен вирус жұқтырған жандармен байланыста болған адамдар үшін 1600-ден астам төсек-орын қарастырылған. Оқшаулау орындары үшін 7 провизорлық медициналық ұйым жұмыс істеп тұр. Оқшаулау аймағындағы 7 нысанда тағы 3 мыңнан астам адамға арналған орын ашылмақ. Себебі, Алматыда 1 «а» санаты бойынша карантинге жатқызылатын тұрғындар саны күрт көбейген.
Әмірболат Құсайынұлы, Алматы