Заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қайнар Ахетов заң жобасы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Халықаралық тәжірибені қарағанымызда Еуропалық одаққа мүше елдер онлайн саладағы жұмыстарды заңдық тұрғыдан реттегенін байқаймыз. Заңның қабылдануы елдегі онлайн платформалардың қызметі үшін негіз жасайды деп есептейміз. Сондай-ақ онлайн жарнама, платформа саласындағы талаптарды нормативтік тұрғыда өзектендіруге мүмкіндік береді. Заң жобасында 4 блокты атап өтуге болатынын қарастырдық», - деді ол.
Ахтеов онлайн платформа иелеріне қойылатын талаптарды қарастыру жайлы айтты.
«Қазақ тіліндегі контентті модерациялау және монетизациялау, интерфейсті қазақ тіліне аудару мәселелері де бар. Интернет жарнама саласын экономикалық тұрғыдан қарастыру көзделген. Бұл жерде онлдайн платформаларды пайдаланушылардың жарнаманы таңбалауы, онлайн платформадағы экономикалық қызметті реттеу жұмыстары мен мазмұнға қойылатын талаптар бар», - деді ол.
Мәжілісте «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң жобасы талқыланып жатыр.