Полиция генерал-майорына қатысты тергеу аяқталды – Антикор

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта іс айыптау актісін бекіту үшін прокуратураға жіберілді

Фото ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2021 жылы қылмыстық істі тоқтату сылтауымен алдау арқылы 40 млн теңгені иеленген полиция генерал-майоры Б.С. Биляловқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, қазіргі уақытта іс айыптау актісін бекіту үшін прокуратураға жіберілді.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.