Ералы Тоғжанов кітап жазып жатыр - Денсаулық сақтау министрі

Автор: Аягөз Құрмаш

Кітап пандемия кезінде атқарылған жұмыстар жайлы болмақ

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Ералы Тоғжанов кітап жазып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «Пандемия сабақтары: Қазақстан тәжірибесі» халықаралық форумында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазір коронавирус пандемиясына байланысты үлкен кітап жобасы әзірленіп жатыр. Сол кездегі мемлекеттік Үкіметтің жанынан құрылған (коронавирусқа қарсы) ведомствоаралық комиссиясының басшысы Ералы Тоғжанов бастауымен кітап (COVID-19 туралы) әзірленіп жатыр. Ол кітаптың да тұсаукесері болады. Кітапта (коронавирус пандемиясы кезінде) елімізде істелген жұмыстар баяндалады», - деді министр.

Қазір Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі лауазымында қызмет атқарады.