Анықталған фактілер бойынша құзыретті органдар да қосымша хабардар етіледі
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ ішкі аудит қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметімен бірлесіп барлық жол пайдалану учаскелері мен пункттерінің қызметін тексеріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ішкі тексеріс барысында бірқатар жол пайдалану учаскелері басшыларының жұмысында бұзушылықтар анықталды. Тексеріс толық аяқталып, анықталған фактілер расталған жағдайда, жол пайдалану учаскелері басшыларына Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес шара қабылданады.
Анықталған фактілер бойынша құзыретті органдар да қосымша хабардар етіледі.